Бір сағат ішінде құтқарушылар оның жансыз денесін тапты
Семей қаласында 25 жастағы ер адам суға батып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 11 шілдеде Ертіс өзенінің «Пристань» қалалық жағажай ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, 1998 жылы туған ер адам жағада демалып, мас халде шомылуға барған. Бір мезетте оның көзден ғайып болғаны белгілі болды. Дереу іздеу-құтқару жұмыстары басталды. Бір сағат ішінде құтқарушылар ер адамның жансыз денесін тапты.
Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 4 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
Абай облысының ТЖД өңірдің барлық тұрғыны мен қонақтарына суда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертті.