×

Астанада аса ірі көлемде есірткі сатқан күдікті Германиядан экстрадицияланды (ВИДЕО)

Ол 15 жылға сотталуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 13.07.2023 | 11:54
Фото: Fotolia / Photographee.eu

Елордада есірткі сатқан күдікті Германиядан экстрадицияланып, қамауға алынды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Германия Үкіметі аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматын экстрадициялау туралы Бас прокуратураның өтінішін қанағаттандырды.

Күдікті қылмысты 2020 жылы елордада жасаған. Кылмыстық қудалау органдарынан бой тасалағаны үшін оған халықаралық іздеу жарияланды.

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Бүгінде күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Ол қылмыс жасағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама