Баспана толығымен жанып кеткен
Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт адам көз жұмды.
29 сәуір күні таңғы сағат 3:28-де кезекші пультіне Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылында жеке тұрғын үйде өрт болып жатқаны туралы ақпарат түскен. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындар 1963 жылы туған әйелдің денесін тауып, сыртқа шығарған. Жалынды сөндіру кезінде тағы үш ер адамның денесі табылған. Сонымен қатар өрт сөндірушілер үйден бір газ баллонын алып шықққан, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Жалын таңғы сағат 5:40 кезінде толық сөндірілген.
Үй толығымен өртеніп кеткен. Қазір жалынның шығу себебі мен материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.