Күдіктіден «PvP» есірткісінің 96 байламы тәркіленді
Қостанай облысының полицейлері есірткі қойып кетушіні ірі партиямен ұстады. Бұл туралы Polisia.kz Telegram арнасында хабарлады.
Полицияның мәліметінше, «Қарасора-2023» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Рудный қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ол есірткіні жасырын қойып кету арқылы таратқан.
Күдіктіден «PvP» есірткісінің 96 байламы тәркіленді. Сондай-ақ гаражды тексеру кезінде тағы 65 синтетикалық есірткі тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 50 грамнан асады. Ол 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлады ведомстводан.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қойып кетуші есірткіні Telegram канал арқылы таратып, Рудныйға ғана емес, Лисаковск қаласына да қойып кетіп отырған, - делінген хабарламада.