Halyq Uni логотип
×

Ерұлан Жамаубаев бюджетті игере алмай отырған министрліктерді атады

Қаржы министрі алты айдың есебін берді

 Дәурен Ерболат 12.07.2023 | 10:43
Ерұлан Жамаубаев бюджетті игере алмай отырған министрліктерді атады
фото: Halyq Uni

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бюджет қаражатының игерілуі туралы есеп беріп, қандай министрліктер мен әкімдіктер мемлекет қаржысын игере алмай жатқанын айтты.

Министрдің айтуынша, алты ай ішінде бюджетке 9,2 трлн теңгеден астам кіріс түскен:

  • республикалық бюджетке – 6,1 трлн теңге;
  • жергілікті бюджетке – 3,1 трлн теңге.

Республикалық бюджет бойынша шығыс – 11 трлн теңге.

Атқарылмаған сома – 62 млрд теңге (оның ішінде 13 млрд теңге үнемдеу). Игерілмегені – 49 млрд теңге.

Игерілмей қалған ең ірі сома Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар, Мәдениет және спорт және Сыртқы iстер министрліктеріне тиесілі. Бюджет қаражатының игерілмеуінің негізгі себептері:

  • конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу;
  • шот-фактуралар;
  • атқарылған жұмыс актілерінің уақытылы өткізілмеуі;
  • есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жергілікті бюджет бойынша шығыс 5,8 трлн теңге болғанын атап өтті.

Атқарылмағаны - 28 млрд теңге. Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 шілдеге 755 млрд теңге бөлінді. Оның 99%-ы игерілді. Игерілмегені – 8 млрд теңге. Ең көп игерілмеген өңірлер – Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Атырау облыстары, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама