Оларды кезінде швед миссионерлері сатып алған екен
Өзбекстан Республикасы мемлекеттік әлем тілдері университетінің профессоры Гүлноза Халлиева бастаған делегация Швецияға сапары барысында Уппсала және Лунд университеттерінің кітапханаларында түркі халықтарына қатысты 858 (егер көшірмелерін ескерсек, 500-ден астам, – ред.) тарихи қолжазбаның бар екенін анықтады.
Олардың ішінде Әлішер Науаи, Бабыр, Физули, Суфиы Аллояр, Машраб сынды белгілі ақындардан басқа, әлі күнге дейін халыққа беймәлім ақын-аудармашылардың қолжазбалары бар. Әлішер Науаидың 25 қолжазбасы сақталған.
Бұл қолжазбаларды швед миссионерлері XIX-XX ғасырда жинап, сатып алып, кейін Лунд және Уппсала университеттерінің кітапханаларына сыйға тартқан.
Өзбекстанның Швециядағы елшілігінде өзбек ғалымы Гүлноза Халлиева бастаған ғалымдар тобы 800-ден астам бірегей қолжазбаны топтап, толық тізімі мен сипаттамасын жасап, оларды пайдалануға жарамды етіп, мүмкіндік болса, Өзбекстанға қайтаруды көздеп отыр.