Таиландта өтетін жабық ғимараттағы Азиада кейінге шегерілді
Таиландтың Бангкок қаласында өткен Азия Олимпиадалық кеңесінің Бас ассамблеясында құрлықта өтетін бірқатар ірі жарыстар туралы шешім қабылданды.
Атап айтқанда, биыл қарашада Таиландтың Бангкок пен Чонбури қалаларында өтетін жабық ғимараттағы және жекпе-жек өнері бойынша VI Азия ойындары 2024 жылдың ақпан-наурыз айларына шегерілді.
Қытайдың Харбин қаласы 2025 жылы өтетін IX Қысқы Азия ойындарын өткізетін болып шешілді.
2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын Сауд Арабиясының Трожена қаласы қабылдайды. Бұл қала қазір қайта салынып жатыр.