Мұғалім мектеп ауласында асылып қалды
37 жастағы А.Е-нің денесін қарау кезінде жарақаттар табылмады
Қырғызстанда мұғалім мектеп ауласында асылып өлді. Бұл ақпаратты Бішкектегі Октябрь ауданының ішкі істер басқармасы өкілдері растады, деп хабарлайды 24.kg агенттігі.
5 шілдеде Бішкектегі №17 мектеп-гимназиясының ауласынан хореография пәнінің мұғалімі болған ер адам өлі табылды.
ІІБ өкілдерінің айтуынша, ер адам мектептің кіреберісінде өз-өзіне қол жұмсаған.
37 жастағы А.Е-нің денесін қарау кезінде жарақаттар табылмады. Бұл дерек Октябрь аудандық ішкі істер басқармасының ақпараттық реестріне тіркеліп, тергеуалды тексеру басталды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, - делінген хабарламада.