Жамбыл облысында әкім орынбасары үш ағасымен бірге малшыны соққыға жыққан
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты Жамбыл облысының әкімдігі растады.
Жамбыл облысы Қордай ауданында әкім орынбасары үш ағасымен малшыны соққыға жыққан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты Жамбыл облысының әкімдігі растады.
«9 шілдеде Қордай ауданы Қаракемер ауылының тұрғыны Қ. Ақыпов дене жарақатымен полицияға шағымданған. Ол өзін әкім орынбасары Қ.Бақаевтың ұрғанын айтқан. Ақыпов Бақаевтың ағайындарының малшысы болып жұмыс істеген», - дейді облыстық әкімдік.
Облыстық полицияның мәліметінше тергеу жүріп жатыр.
«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша дене жарақатының дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы жасалып жатыр. Сараптама нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желідегі ақпаратта шопан мал иелерінен жалақысын төлеуді сұраған. Алайда әкімнің орынбасары мен ағайындары шопанды аяусыз ұрып тастаған. Олар шопанға бір жылдық еңбегі үшін 1 миллион теңге және бір жылқы төлеу керек болған.