Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының тамақтанатын орнында төбелес болып, ер адам қолында баласы бар адамға жұдығырын ала жүгірген. Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнебақылау камераларына түсірілген видеосы пайда болды, деп хабарлады Tengrinews.kz.
Видеоны Egovpress Telegram-арнасы жариялады. Авторлардың айтуынша, оқиға 18 маусымда болған.
Зардап шеккен тарап қылмыстық құқықбұзушылықтың болмауына байланысты істі тежеген полицияның үстінен шағымданған. Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін Астана полиция департаментіне жүгінді.
«Бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл ретте полиция қызметкерлеріне қызметтік тексеріс тағайындалып, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетін болады. Басқа мәлімет жарияланбайды», - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.