Бұан қоса олар басқа мұсылман елдерін Стокгольммен қарым-қатынасын қайта қарауға шақырды
Кабул билігі Ауғанстандағы кез келген Швеция өкілдіктерінің жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі tass.ru агенттігіне сілтеме жасап.
Ауғанстан аумағындағы Швеция өкілдіктерінің жұмысы Стокгольм билігі азаматтарының Құранды қорлағаны үшін мұсылмандардан кешірім сұрамайынша қайта басталмайды. Бұл туралы бүгін елдегі билікті басып алған «Талибан» радикалды қозғалысының өкілі (Қазақстанда тыйым салынған) Забиулла Муджахид Twitter-де хабарлады.
Швецияда болған қасиетті Құран мен мұсылман дінін қорлау әрекетінен кейін Ауғанстан Ислам әмірлігі Ауғанстан аумағындағы кез келген Швед өкілдіктерінің белсенділігін мұсылмандардан осы жиіркенішті әрекеті үшін кешірім сұрағанға дейін тоқтатады, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ тәліптер басқа мұсылман елдерін Стокгольммен қарым-қатынасын қайта қарауға шақырды.
Айта кетсек, 28 маусымда Құранды өртеу акциясын Ирактан келген 37 жастағы иммигрант Салван Момика Стокгольм қаласының орталығындағы собор мешітінің жанында өткізді. Ер адам Құранның беттерін жұлып алып, аяқ киімін сүртіп, кітапқа шошқаның етін салып, өртеп жіберген. Билік бұл шараға заңды, бірақ «орынсыз» деп баға берді. Ирак билігі Швециядан Құранды қорлаған иммигрантты соттау үшін беруді талап етті. Ал Бағдадта наразылық білдірушілер Швеция елшілігіне шабуыл жасады.