12 шілдеде Шымкентте ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлады қалалық ТЖД.
Осыған байланысты Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ыстықта көшеде ұзақ жүрмеу керектігін есертеді. Ыстықта ұзақ жүрген адам күн мен жылу соққысын алуы мүмкін, - деп жазылған хабарламада.
Күн мен жылу соққысының жиі кездесетін белгілері:
- Бас айналуы;
- Бастың қатты ауыруы;
- Кейде жүрек айнуы және құсу;
- Көздің қараңғылануы;
- Кейбір жағдайда мұрыннан қан кету;
- Жылдам импульс;
- Ентігу.
Мұндай белгілерді байқасаңыз, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгініңіз!
Жылу немесе күн соққысын болдырмау үшін істеуге тиісті шаралар:
- Көшеде көп жүрмеу, физикалық белсенділікті азайту;
- Үйде болғанда терезелерді ашу, желдеткішті немесе кондиционерді пайдалану;
- Көшеге шыққанда табиғи маталардан (мақта, зығыр) ашық түсті жеңіл киім кию;
- Көшеге міндетті түрде бас киім киіп шығу (жазғы қалпақ, панама, орамал және тағы басқа), күннен қорғайтын көзілдірікті тағу, қолшатырларды пайдалану қажет;
- Көп мөлшерде сұйықтық ішу;
- Ыстықта алкогольді ішуге қатаң тыйым салынады;
- Ыстықта көп тамақ ішпеген, жеңіл тамақты тұтынған жөн;
- Күні бойы мүмкіндігінше душ қабылдау;
- Жеке және қоғамдық көліктерде сапарды шектеу немесе сапарды таңертең немесе кешке ыстықтың беті қайтқанда жоспарлау керек;
- Сіз көлікпен сапарға шықсаңыз, автомобильдің ішкі салоны өте ыстық болатынын ескеріңіз. Сондықтан көлікке отырмас бұрын алдымен барлық есікті ашыңыз немесе желдету үшін әйнектерді түсіріңіз. Ол үшін шамамен 3-4 минут жеткілікті.
Есіңізде болсын, күн немесе жылу соққысын көбінесе қарттар мен балалар алуы мүмкін.