Halyq Uni логотип
×

Шымкенттіктерге ескерту жасалды

Ертең қалада қатты ыстық болады

 Дәурен Ерболат 11.07.2023 | 17:46
Шымкенттіктерге ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz

12 шілдеде Шымкентте ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлады қалалық ТЖД.

Осыған байланысты Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ыстықта көшеде ұзақ жүрмеу керектігін есертеді. Ыстықта ұзақ жүрген адам күн мен жылу соққысын алуы мүмкін, - деп жазылған хабарламада.

Күн мен жылу соққысының жиі кездесетін белгілері:

  • Бас айналуы;
  • Бастың қатты ауыруы;
  • Кейде жүрек айнуы және құсу;
  • Көздің қараңғылануы;
  • Кейбір жағдайда мұрыннан қан кету;
  • Жылдам импульс;
  • Ентігу.

Мұндай белгілерді байқасаңыз, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгініңіз!

 Жылу немесе күн соққысын болдырмау үшін істеуге тиісті шаралар:

  • Көшеде көп жүрмеу, физикалық белсенділікті азайту;
  • Үйде болғанда терезелерді ашу, желдеткішті немесе кондиционерді пайдалану;
  • Көшеге шыққанда табиғи маталардан (мақта, зығыр) ашық түсті жеңіл киім кию;
  • Көшеге міндетті түрде бас киім киіп шығу (жазғы қалпақ, панама, орамал және тағы басқа), күннен қорғайтын көзілдірікті тағу, қолшатырларды пайдалану қажет;
  • Көп мөлшерде сұйықтық ішу;
  • Ыстықта алкогольді ішуге қатаң тыйым салынады;
  • Ыстықта көп тамақ ішпеген, жеңіл тамақты тұтынған жөн;
  • Күні бойы мүмкіндігінше душ қабылдау;
  • Жеке және қоғамдық көліктерде сапарды шектеу немесе сапарды таңертең немесе кешке ыстықтың беті қайтқанда жоспарлау керек;
  • Сіз көлікпен сапарға шықсаңыз, автомобильдің ішкі салоны өте ыстық болатынын ескеріңіз. Сондықтан көлікке отырмас бұрын алдымен барлық есікті ашыңыз немесе желдету үшін әйнектерді түсіріңіз. Ол үшін шамамен 3-4 минут жеткілікті.

Есіңізде болсын, күн немесе жылу соққысын көбінесе қарттар мен балалар алуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама