Halyq Uni логотип
×

G4 City қаласы болашақта 1,1 млн-нан аса адамды жұмыспен қамтиды

Үкіметте жобаны іске асыру тетіктері талқыланды

 Динара Амантай 11.07.2023 | 13:13
G4 City қаласы болашақта 1,1 млн-нан аса адамды жұмыспен қамтиды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен, мемлекеттік органдар мен ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте G4 City жобасын одан әрі іске асыру мәселесі талқыланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ-ның атқарушы директоры Нұрлан Тойымбек G4 City жобасы үшін қызметтің қажетті салалардағы қатынастарды реттейтін өзіндік актілердің белгілі бір санын әзірлеу қажет болатынын айтты. Бұл ретте жоспарлау сатысында G4 City актілерімен реттелетін салаларды алдын ала анықтау маңызды. Қалғандары ҚР заңнамасымен реттеледі.

Сондай-ақ Н. Тойымбек Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін халықты жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген және бөлетін квота шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары беретін рұқсаттар негізінде жұмыс берушілер тартатынын атап өтті. ШЖК-ны тарту мәселелерін реттейтін негізгі нормалар «Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңдарында қарастырылған. Бұл ретте жекелеген рәсімдер заңға тәуелді бірқатар актімен реттеледі.

G4 City жобасын іске асырудағы негізгі мақсат – қоғамның әлеуметтік құрылымын сапалы өзгерту, дені сау, белсенді, білімді азаматтардың жаңа буынын қалыптастыру. Бұл – ең алдымен халықтың өмір сүру сапасын едәуір арттыру, елдегі демографиялық жағдайды жақсарту, адами капиталдың және еліміздің серпінді дамуына жағдай жасау.

G4 City қаласы Жаңа Жібек жолының бойында орналасқан жаңа экономикалық және жаһандық туристік орталыққа айналады деп күтіледі. Дамудың ауқымды перспективаларын ескере отырып, G4 City 2,2 млн-нан астам тұрғыны бар интеграцияланған қала ретінде дамып, 2050 жылға қарай 1,1 млн-нан аса жұмыс орнын қамтамасыз етеді деген болжам бар.

Кеңес қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті бірқатар тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама