Halyq Uni логотип
×

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды

Жарысқа әлемнің 79 елінен 316 бала жиналды

 Динара Амантай 11.07.2023 | 11:50
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық оқушылар Эль-Айн қаласында (БАӘ) өткен биология бойынша 34-халықаралық Олимпиадада жеңімпаз атанды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, IBO – 15 пен 21 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған ғылыми жарыс, 1990 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биылғы жарысқа әлемнің 79 елінен 316 оқушы жиналды. Қазақстан құрама командасының қатарында Астана және Алматы қалаларының 4 оқушысы қатысып, барлығы да олимпиаданың жүлделі орындарын иеленді.

Медальдар қоржынын екі күміс жүлдемен Омар Дінмұхаммед пен Бақдәулет Ерназаров толықтырды. Ал қола медальды Ғалымжан Бақтыбай мен Ислам Амангелді алды, - деді «Дарын» РҒПО зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің әдіскері Гүлсара Мұқаш.

Халықаралық комитеттің шешімімен биология пәні бойынша 35-Халықаралық олимпиада (IBO-2024) Қазақстанда ұйымдастырылады. Біздің ел бұл олимпиаданы алғаш рет өткізгелі жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама