×

Балаларға қатысты жасалған жыныстық қылмысқа жаза күшейтілді – Бас прокуратура

Балалардың құқығын қорғауға ерекше мән беріледі

 Дәурен Ерболат 11.07.2023 | 11:15
Фото: yassy-tur.kz

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиевамен кездесті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Берік Асылов Балалар омбудсменін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістер туралы айтты.

Атап айтқанда, балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстары үшін жаза күшейтілді. Мұндай істер бойынша шартты түрде соттау және шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайды. Тараптардың татуласуына байланысты осы санаттағы қылмыстық істерді тоқтатуға тыйым салынды.

Сондай-ақ «Прокуратура туралы» Конституциялық заңда прокурордың кәмелетке толмағандардың мүддесі үшін тексерулер жүргізу және өтініштерді қарау жөніндегі өкілеттіктерін көздейтін новеллалар бекітілген.

Прокуратура органдары үшін балаларды қорғау әрқашан басымдыққа ие болды және бола береді, - деді бас прокурор.

Сонымен қатар балаларға қатысты жыныстық қылмыстар туралы қылмыстық істерді тергеудің тиімділігін арттыру шаралары талқыланды. Әрбір осындай іс бойынша қылмыс тіркелген сәттен бастап әрекет ететін «ерекше қадағалау» тетігі белгіленген.

Бұдан басқа, Динара Закиева балалардың, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандардың құқығын қорғау тетіктерін нығайтуға қатысты өз көзқарасын айтып, заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама