Өрттің алдын ала ауданы - 1500 га
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер БҚО Сырым ауданындағы елді мекенге өрттің таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда, деп хабарлайды ТЖМ.
Сырым ауданындағы Тоғанас ауылынан 4 шақырым жерде құрғақ шөптің жануы орын алды. Өрттің алдын ала ауданы - 1500 га, ауыл жақтан жер жырту жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады ТЖМ-нан.
Өртті сөндіруге ТЖД, «Орал Өрт сөндіруші» МӨҚҚ, ЕӨСҚ 40 адам мен 10-нан астам техника қатысуда.
Жедел шаралар қабылдау мақсатында Орал қаласынан 40-қа жуық жеке құрам мен ТЖД-ның 5 техникасы қосымша жолға шықты.