Halyq Uni логотип
×

Абай облысының тағы бір ауданында өрт шықты

Орман қоры мен елді мекендерге қауіп жоқ

 Динара Амантай 10.07.2023 | 16:22
Абай облысының тағы бір ауданында өрт шықты
Фото: Абай обл. ТЖД баспасөз қызметі

Абай облысының тағы бір ауданында өрт шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 12:35-те «101» пультіне Бесқарағай ауданында Бірлік пен Белокаменка ауылдарының арасында құрғақ шөптің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары, орманшылықтар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері дереу барған.

Өрт сөндіру бөлімшелері ашық аумақта қамыс, бұта және құрғақ шөптің өртеніп жатқанын анықтады.Өрт 15:18-де оқшауланды. Алдын ала болжанған ауданы – 4,5 гектар. Орман қоры мен елді мекендерге қауіп жоқ.

Қазір өртті құрамында 30 адам және 7 техникасы бар Абай облысы ТЖД, ЖАО және «Семей Орманы» МОТР күштері сөндіріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама