Halyq Uni логотип
×

Ұлттық экономика министрінің інісі бас директор болды

Ол – Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі

 Еркеғали Болатұлы 10.07.2023 | 16:02
Ұлттық экономика министрінің інісі бас директор болды
фото: ашық дереккөз

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың інісі Ермек Қуантыров «Қазатомөнеркәсіп» компаниясында лауазымды қызметке тағайындалды.

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 5 шілдеден бастап «Қазатомөнеркәсіптің» құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры болып отыр.

Қуантыров мырзаның функционалдық міндеттеріне құқықтық қамтамасыз ету процесіне басшылық жасау, халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ету, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі қызметті ұйымдастыру, сондай-ақ кешенді басқаруды іске асыру және сатып алу процестері мен компанияның корпоративтік басқаруына басшылық жасау кіреді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ермек Қуантыров 1989 жылы дүниеге келген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Әділет министрлігінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама