Halyq Uni логотип
×

Президент Әлихан Байменовті қабылдады

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы қазіргі үрдістер мен даму перспективалары талқыланды

 Динара Амантай 10.07.2023 | 12:55
Президент Әлихан Байменовті қабылдады
Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовті қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы қазіргі үрдістер мен даму перспективалары талқыланды. Президент Астана хабы мемлекеттік басқару жүйесін дамыту мәселелері бойынша сараптамалық тұрғыда маңызды қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, билік өкілеттіктерін орталықсыздандыру және мемлекеттік органдар қызметіне жобалық әдісті белсенді енгізу арқылы әкімшілік реформаны тиімді іске асыру маңызды екенін айтты. Сонымен қатар кездесуде қоғамды одан әрі ұйыстыру, атап айтқанда, заң мен тәртіпті сақтау, кәсібилік және еңбек адамының рөлін арттыру секілді құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығы қарастырылды.

Бұдан бөлек, Әлихан Байменов президентке Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының жұмысы туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысы ұлттық ойынымызды елімізде және шетелде одан әрі дәріптеу маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы Қазақстанда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама