Сәтбаев қаласында түнде жүрген 32 жасөспірім анықталды
Олардың ата-аналары әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін
Ұлытау облысының Сәтпаев қаласында полиция түнде 32 жасөспірімді анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.
Қалада «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау.
Полицейлер іс-шара аясында 3 күнде түнде ата-анасыз көшеде және ойын-сауық орталығында жүрген 32 жасөспірімді анықтады.
Жыл басынан бері ата-аналық міндетін дұрыс орындамағандарға 206 хаттама толтырылды. Осы бағытта мобильді топтар ойын-сауық мекемесінде ата-анасыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтайды. Сондай-ақ оларға әкімшілік жаза қолданады, – деді Сәтбаев қаласы ПД басшысы Абуәлі Мнайдаров.