Halyq Uni логотип
×

Жеңілдетілген микронесие алуға 4,2 мыңнан аса өтінім түсті

Несие алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы саласында жоба қорғаған

 Динара Амантай 10.07.2023 | 09:36
Жеңілдетілген микронесие алуға 4,2 мыңнан аса өтінім түсті
Фото: Halyq Uni

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық 2,5%-бен жеңілдетілген микронесиелер алуға 4,2 мыңнан аса өтінім түскен. Барлығы 5 мың 796 микронесие беру жоспарланған.

Микронесиенің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылға дейін (кез келген мақсатқа) немесе 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін). Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды.

Микронесие алуға өтінімдердің ең көбі Түркістан (595), Жамбыл (512), Қызылорда (313), Жетісу (311), Батыс Қазақстан (278) және Алматы (253) облыстарынан түсті.

Конкурстық комиссиялардың шешімімен 2 мың 189 жоба мақұлданды, оның ішінде 1 мың 228 жобаны іске асыруға несие берілді. Несие алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласын қамтыды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама