Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда Астана күні қанша сәби дүниеге келді?

Олардың арасында егіздер де бар

 Дәурен Ерболат 10.07.2023 | 09:16
Қазақстанда Астана күні қанша сәби дүниеге келді?
Фото: РИА Новости

Қазақстанда елорда күні мың сәби дүниеге келді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Елімізде Астана күні мың сәби дүниеге келді. Оның 505-і – қыз және 495-і – ұл әрі 8 жұп егіз бар, - деп жазылған хабарламада.

  • Жаңа туған нәрестелердің саны бойынша Түркістан облысы көш басында. Онда бір тәулікте 146 сәби дүниеге келген.
  • Екінші орында Алматы қаласы: 91 сәби.
  • Үшінші орында Алматы облысы мен Шымкент қаласы тұр: 76 сәби.

Егіздер бойынша көшбасында Ақтөбе облысы: мұнда бір күнде 2 егіз сәби дүниеге келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама