Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серік тыйым салынған препараттар ішкен
Бокстан Қазақстан құрамасы жаңа допинг дауына ілікті, деп хабарлады Sports.kz.
Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығының хабарлауынша, 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Саматәлі Төлтаев анаболикалық стероид болып табылатын оралтуринаболды қолданғаны үшін 2026 жылдың 31 наурызына дейін спорттан шеттетілді.
Тағы бір қазақстандық боксшы Абзал Серіктің ағзасынан метастерон анықталды. Сондықтан ол 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін дисквалификация алды.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы 22 жасқа дейінгілер арасында Бангкокта өткен Азия чемпионатында Абзал Серік күміс медаль иегері атанған болатын.