Қамыс өртінің аумағы 690 гектарға жетті
Каспий жағалауындағы өртті мамандар үш күннен бері сөндіре алмай жатыр, деп хабарлады Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.
Бүгін, 9 шілдеде теңіз жағалауындағы қамыс өртінің аумағы тағы ұлғайды.
Атырау облысындағы Каспий теңізінің жағалауында өртенген қамыстың аумағы 690 гектарға жетті. Аэровизуалды барлаудың нәтижесінде жаңа өрт ошақтары анықталмады. Алайда қамыс бықсып жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Бүгін таңғы сағат 08:30-дағы ақпаратқа сәйкес «Казавиақұтқару» АҚ-ның СТҚ-5 қондырғысы бар МИ-8 тікұшағымен 11 рет су төгілді.
Өртті сөндіруге облыстық ТЖД мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан, «Казавиақұтқару» АҚ-дан 97 адам, 15 техника, 4 мотопомпа жұмылдырылды.
Каспий жағалауындағы өрт 6 шілдеде басталған.