Ол АОК Орталық Азия аймағын 2015 жылдан бері басқарып келеді
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдарға арналған Азия Олимпиада кеңесінің вице-президенті қызметіне қайта сайланды, деп хабарлады olympic.kz.
Таиланд астанасы Бангкок қаласында Азия Олимпиадалық Кеңесінің 42-ші Бас Ассамблеясы (АОК Бас Ассамблеясы) өз жұмысын аяқтады. Күн тәртібіндегі басты тақырып АОК президентін, сондай-ақ АОК Атқарушы комитетінің (АОК Атқарушы кеңесі) құрамын және АОК тұрақты комитеттерінің төрағаларын сайлау болды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдарға арналған АОК вице-президенті қызметіне қайта сайланды.
Еске сала кетсек, Тимур Құлыбаев 2015 жылдан бері АОК Орталық Азия аймағын басқарып келеді. Ал 2019 жылы оны әріптестері қайта сайлаған болатын. Сондай-ақ ол – Ұлттық олимпиада комитеттері қауымдастығының (ANOC) вице-президенті және ХОК Олимпизм 365 комиссиясының мүшесі.
Сонымен қатар, Кувейт ҰОК ұсынған Шейх Талал Ахмад Әл Фахад Әл Джабер Аль Сабах президент болды. Ол қарсыласы Хусаин Әл Мусалламды 4 дауыспен (24/20) жеңді.