Түркияда зілзаладан кейінгі үйлер тас лақтыра салғанда-ақ тұтас құлайды (ВИДЕО)

Еркеғали Болатұлы

Тұрғындар өз өмірлері үшін алаңдаулы

фото: видеодан скриншот

Түркияда биыл болған алапат зілзаладан кейін көп үйдің сапасы нашарлаған. Қирап, құлап жатыр.

Мәселен, төмендегі видеодан ер адам таспен үш рет атқылаған соң үлкен тұрғын үйдің күл-паршасы шыға құлағанын көруге болады. Сондықтан тұрғындар өз өмірлері үшін алаңдаулы.

Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,8 балдық жер сілкінісі тіркеліп, жерасты дүмпулері елдің бірнеше аймағында және көршілес Сирия, Ливан және Иракта сезілген еді.