Павлодарда дәмханадағы адамдардың үстіне сауда үйінің шатыры құлады (ВИДЕО)
Үйінді астынан шығарылғандардың бірінің екі аяғы сынған
Бүгін сағат 14:00 шамасында Павлодардағы Артур сауда үйінің шатыры жазғы дәмхананың үстіне құлаған. Куәгерлердің айтуынша, адамдар үйінділер астында қалған.
Оқиға орнына 4 қызметкер мен бір ОСО техникасы, апаттар медицинасы орталығының 3 қызметкері шықты.
«Құтқарушылар құрылысты бөлшектеуге кірісті. 1975 жылы туған бір ер адам үйінді астынан шығарылып, ауруханаға жатқызылды. Оның екі аяғы сынған. Жұмыс жалғасып жатыр», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Тағы бір ер адам құтқарушылар келгенше жедел жәрдеммен ауруханаға жатқызылды. Басқа мәліметтер нақтыланып жатыр.