Ол қарсы бағытта келе жатқан
Кеше, яғни 6 шілдеде Шалқар ауданындағы Самара-Шымкент тас жолында болған жол апаты салдарынан 4 адам қаза тапты.
Полицейлердің мәліметінше, Hyundai Sonata көлігінің 34 жастағы жүргізушісі Iveco Magirus жүк көлігімен соқтығысқан. Бұл ретте жүк көлігі қарсы бағытта келе жатқан.
Оқиға салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның 20 және 23 жастағы үш жолаушысы алған жарақаттарынан қайтыс болды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі («Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.