Григорий Лепстің концерті Қырғызстан мен Өзбекстанда да тоқтатылды
Маусымда оның Қазақстандағы концерті де осындай себептермен болмай қалған
Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдайтын ресейлік әнші Григорий Лепстің Қырғызстан мен Өзбекстанда концерті тоқтатылды, деп хабарлады Halyq Uni.
Қырғызстандағы концерт 2 тамызда, Өзбекстандағысы 31 қазанда өтуі керек еді. Екі елде де жұртшылық Лепстің келуіне үзілді-кесілді қарсы болды.
Маусым айында оның Қазақстандағы концерті де осындай себептермен болмай қалған еді. Концерт Конаев қаласындағы қонақүй-казинода өтуге тиіс болған. Сол кезде қазақстандықтардың теріс реакциясына тап болған ұйымдастырушылар концерттің тоқтатылатынын хабарлады.