Еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан 131 таңдаулы жүйріктер «Қазанат» атшабарында бақ сынады
Бүгін елордада Астананың 25 жылдығына орай бәйге өтті. Дүбірлі доданы Астана қаласының әкімдігі, ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығы мен республикалық «Бәйге» федерациясы ұйымдастырды.
Жарысты тамашалауға бәйге сүйер қауымнан бөлек, ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев, республикалық «Бәйге» федерациясының президенті Қанат Көпбаев, Астана қаласының ұлттық және олимпиадалық ат спорт түрлері федерациясының президенті Ерлан Каналимов арнайы келіп қатысты.
Еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан 131 таңдаулы жүйріктер «Қазанат» атшабарында бақ сынады. Адуынды сәйгүліктер жеті шақырымдық «құнан» бәйге мен «жорға» жарысы, 15 шақырымдық «топ» бәйге және 22 шақырымдық «аламан» бәйге бойынша сынға түсіп, жалпы жүлде қоры – 30 миллион теңгені сарапқа салды.
Сонымен, жарыс нәтижесі бойынша:
Құнан бәйге. 7 шақырым.
Топ бәйге. 15 шақырым.
Жорға бәйге. 7 шақырым.
Аламан бәйге. 22 шақырым.
Сондай-ақ, аталмыш жарыста ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығының ұйымдастыруымен Қостанай тұқымы жылқылары арасында да бәйге өтті. Мұндағы негізгі мақсат – жалғыз қазақстандық жылқы тұқымы – Қостанай тұқымын қолдау және дамыту болып табылады.
Жүлде қоры 16 миллион теңгені құраған Қостанай тұқымы жылқылары арасындағы додада шабандоздар «Ұшқыр бәйге», «Құнан бәйге», «Аламан бәйге» бойынша сынға түсті.
Қостанай тұқымы жылқылары арасындағы бәйгенің жеңімпаздарына келер болсақ:
Ұшқыр бәйге. 1400 м.
Ұшқыр бәйге. 2400 м.
Құнан бәйге. 7000 м.
Аламан бәйге. 20 000 м.
Айта кетейік, турнирдің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ, ал серіктесі – «Sportqory» спортты қолдау қоры болып табылды.