Ширек ғасырда 430,1 мың бала дүниеге келді: Астана туралы қызықты фактілер
Қаладағы қарқынды дамыған сала – құрылыс секторы
Айнұр Шошаева
06.07.2023 | 11:33
Бүгін Қазақстан елордасы – Астананың 25 жылдығы. Соған орай Ұлттық статистика бюросы бас қала туралы қызықты мәлімет ұсынып отыр, деп хабарлады Halyq uni.
- 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елорданың халық саны – 1 376 528 адам, оның 52,3% – әйел, 47,7% – ер.
- 25 жыл ішінде Астанада 430,1 мың бала дүниеге келген. Бүгінде Қазақстан бойынша Астана есімді 26 адам бар.
- Сондай-ақ осы жылдары 181 мыңнан аса неке тіркелді.
- Бүгінде қалада 444,4 мың 18 жасқа дейінгі бала өсіп жатыр, оның 229 мыңы – ұл, 215 мыңы – қыз.
- Елорда тұрғындарының орташа жасы – 30,4 жас, ал күтілетін өмір сүру ұзақтығы 77,3 жас болып отыр.
- Бұдан бөлек, ширек ғасыр ішінде мектеп саны 116-ға өсті. Қазір қалада 14 ЖОО, 9 театр, 32 музей мен кітапхана жұмыс істеп тұр.
- Сондай-ақ қаладағы қарқынды дамыған сала – құрылыс секторы. Бүгінде құрылыс саласында жұмыс істейтін 18,2 мың компания тіркелген. Осы көрсеткішпен өңір республика бойынша бірінші орында тұр.
- Қала халқының жартысына жуығы, нақты айтсақ 655,3 мың адам (2023 ж. 1-тоқсан) экономикадағы жұмыспен қамтылған халық санатына жатады.