Түркістан облысында 56 жастағы азамат таудан құлап қайтыс болды

Халық үні

Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды

ашық дереккөзден

Түркістан облысында 56 жастағы азамат таудан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Төле би ауданында болды. Ер адам әйелі мен досын ертіп Сайрам шыңын бағындыруға тауға шыққан. Ал қайтар жолдағы қауіпті аумақта 1967 жылы туған ер адам төмен құлап кеткен. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты іздеу жұмыстары әлі жүргізілген жоқ. Қазіргі таңда Қасқасу кемпингінде полиция департаменті, ауыл шаруашылығы саласы, жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД қызметкерлерінен штаб құрылды», - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.