Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

ашық дереккөзден

Алдағы мереке күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Осыған байланысты жаңбыр жауады, найзағаймен және екпінді жел күтіледі, қатты жаңбыр 6-7 шілдеде орталықта, оңтүстік-шығыста, 6-8 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

«Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыста, оңтүстікте күндізгі температураның біртіндеп жоғарылауы болжануда +33+42°С, ал еліміздің қалған бөлігінде ауа температурасы солтүстік-батыста және орталықта +22+ 35°С дейін, солтүстікте +23+30°С дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін аздап төмендеуі күтілуде», - делінген хабарламада.