7 қыз 20 жастағы қызды пәтерде ұрып-соғып, 100 000 теңге бопсалан
Немолчи.kz қоры Алматыда 20 жастағы бойжеткенді 7 қыз бопсалағанын, олардан қашу үшін қыз үшінші қабаттың терезесінен секіріп, ауруханаға түскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Немолчи.kz қоры Ұзынағаш ауылының 20 жастағы тумасы аяқ-қолы мен омыртқасының сынуы байланысты ауыр жарақаттармен ауруханада жатқанын хабарлады.
Қордың мәліметінше, 16 мамырда 7 қыз 20 жастағы қызды пәтерге кіргізіп, ұрып-соғып, 100 000 теңге бопсалап, тауып бермейтін болса сексуалдық құлдыққа сататынын айтып қорқытқан. Қыз қорлыққа шыдамай, үшінші қабаттағы терезеден секіріп, жарақат алған. Қор жәбірленушіге қажетті медициналық көмек көрсетуді, сондай-ақ кінәлілерді жауапкершілікке тартуды сұрайды.
Алматы полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, Алмалы аудандық полиция бөлімінде тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта іс жүргізу аясында жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деді полиция қызметкері.