Ертең Қазақстан-Қытай шекарасындағы көлік өткізу пунктері жұмыс істемейді
Темір жол бекеттері штаттық режимде жұмыс істей береді
Биыл 6 шілдеде қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері жұмыс істемейді, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Астана күніне орай 2023 жылғы 6 шілдеде Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде көліктер мен жүктер өткізілмейді. Қазақстан-Қытай шекарасындағы темір жол өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істей береді, - деп жазылған хабарламада.
МКК тасымалдаушылар мен шекарадан өтуге ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескеріп, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.