Halyq Uni логотип
×

Сарыағашта жасөспірім әкесінің көлігімен бірнеше рет жол ережесін бұзған

Баланың әкесіне айыппұл салынды

 Динара Амантай 05.07.2023 | 16:16
Сарыағашта жасөспірім әкесінің көлігімен бірнеше рет жол ережесін бұзған
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полицейлер әкесінің көлігімен жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзған жасөспірімді анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Сарыағаш қаласының көшелерінде кәмелетке толмаған бала Hyundai Sonata автокөлігімен тәулік бойы жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзған.

Осы факті бойынша жедел жұмыстарды атқарған полицейлер жасөспірімнің Сарыағаш қаласының 16 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы және ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Белгілі болғандай, жасөспірім әкесінің көлігін басқарған. Сондықтан жасөспірімнің әкесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі (50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салу) бойынша шара қарастырылды. Тәртіп сақшылары заң бұзушының көлігін Сарыағаш қаласындағы айыптұраққа қойды. Полицейлер тарапынан оған жол апатына ұшырап, айыптұраққа жеткізілген көліктер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама