Иран ресми түрде ШЫҰ-ға мүше болды
Бұл шешім Үндістанның төрағалығымен өткен ұйымның ХХІІІ саммитінде қабылданды
Иран Ислам Республикасы ресми түрде Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше болды.
Бұл шешім Үндістанның төрағалығымен өткен ұйымның ХХІІІ саммитінде қабылданды.
Иран мемлекетаралық бірлестіктің 9-шы мүшесі атанды. 2022 жылдың қыркүйегінде Самарқандта өткен ШЫҰ саммитінде Иранның ұйымға қосылуы туралы меморандумға қол қойылған еді.
ШЫҰ 2001 жылы 15 маусымда Шанхайда құрылған. Алғашқы кезде ұйымға 6 мемлекет – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мүше болса, 2017 жылы олардың қатарына Үндістан мен Пәкістан қосылды.