«Оператор РОП» экс-құрылтайшысы БАӘ-де ұсталды
Күдікті қамауға алынды
Халықаралық іздеу жарияланған «Оператор РОП» бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтарова Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды, деп хабарлады Антикор.
Бұған дейін «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтарова аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деген күдікке ілініп, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.
Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды, - деп жазылған хабарламада.
Бүгінде Қазақстанның Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін жүргізіп жатыр.