Гаага қаласындағы Беларусь елшілігінің ғимаратына шабуыл жасалды
Белгісіз адамдар ғимаратты бояп, сызып, бірнеше терезесін сындырып кеткен
Гаага қаласындағы Беларусь елшілігі ғимаратына шабуыл жасалды.
Ресейдің «Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, белгісіз адамдар Гаага қаласында Беларусь Республикасының елшілігі ғимаратының түсін қара және қызыл бояумен бояп, сызып, бүлдіріп кеткен. Оқиға түнде болған. Сонымен бірге олар ғимараттың бірнеше терезесін сындырған.
Қазір елшілік қызметкерлері ғимараттың қабырғасын тазалап жатыр. Полицейлер күдіктілердің бірін ұстап, тергеуге алған.
Агенттіктің хабарлауынша, Нидерландыдағы Беларусь елшілігі оқиғаға қатысты ресми түсінік беруден бас тартқан.