×

Тоқаев бастаған ірі саясаткерлер кеден және шекара қызметінде тексеріледі

Қазақстандағы әуежайлар мен вокзалдарда тексерілмейтін шенеуніктердің тізімі жарияланды

 Ербол Тұрымбет 28.04.2022 | 10:39
коллаж: Halyq Uni

Кеше Қазақстандағы вокзалдарға, метро станциялары мен теңіз портына, әуежайларға, жолаушылар терминалдары жоқ әуе айлақтарына кіру кезінде тексерілмейтін шенеуніктердің тізімі жарияланды.

Бұл тізімді Үкімет 2014 жылы бекіткен. Алайда, заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты 2021 жылдың соңында мұндай тізбені бекіту құқығы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді.

2022 жылғы 18 сәуірде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі тиісті бұйрыққа қол қойып, бұрын қолданыста болған тізімдер қайта бекітілді:

  • тексеру жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің тізімі;
  • тексеру жүргізілмейтін тұлғалардың тізімі;
  • көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізімі.

Уәкілетті министрліктің хабарлауынша, аталған бұйрық тек вокзал, метро станциялары мен теңіз порты, әуежайлар, жолаушылар терминалдары жоқ әуе айлақтарына кіру кезінде тексеруге қатысты жүзеге асырылады. Алайда бұл құжат Қазақстанның кеден және шекара қызметі органдарының тексеру жүргізу талаптарына қатысты қолданылмайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама