Бұған дейін қауымдастыққа Сапар Ахметов жетекшілік еткен
Дәурен Қарашев Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының басқарма төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұған дейін қауымдастыққа мәжілістің бұрынғы депутаты Сапар Ахметов жетекшілік еткен болатын. 3 шілдеде өткен жалпы отырыста қауымдастық мүшелері жарғыға сәйкес Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының басқарма төрағасы лауазымына Дәурен Қарашевті сайлады.
Айта кетейік, Дәурен Дәуітұлы Қарашев 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (ҚазҰУ) бітірген. 2013 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде білім алған. 2014 жылдан 2015 жылға дейін The University of Sheffield, 2023 жылы Alliance Manchester Business School-да білім алды.
Еңбек жолын 2010 жылдан 2011 жылға дейін-ҚР Әділет министрлігінде аға мемлекеттік сот орындаушысы болып бастаған.
2011 жылдан 2012 жылға дейін – ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімінің сарапшысы.
2012 жылдан 2013 жылға дейін – ҚР Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасында талдамалық жұмыс жөніндегі маман.
2013 жылдан 2015 жылға дейін – ҚР Әділет министрлігі Экономика және қаржы департаментінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас сарапшысы.
2015 жылдан 2021 жылға дейін – ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама департаментінің бас консультанты
2021 жылдан 2022 жылға дейін – Қазақстандық заңгерлер одағында төрағаның орынбасары.
2021 жылдан 2023 жылға дейін – Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының заң департаментінің директоры
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – AQ Group комплаенс және тәуекелдерді басқару департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.
Сонымен қатар Дәурен Қарашев ICA талаптарды сақтау жөніндегі халықаралық қауымдастықтың мүшесі.