«Ертіс орманы» басшысының орынбасары сотталды
Ол ақшаны жеке мақсатына пайдаланған
Павлодар облысында «Ертіс орманы» басшысының орынбасарына сот үкімі шықты, деп хабарлады Қаржылық мониторингі агенттігі.
Агенттік мәліметінше, «Ертіс Орманы» резерваты бас директорының орынбасары ағаш дайындаушылардың бірінен 1 млн теңге көлемінде заңсыз сыйақы алған. Ақша оның шотына аударылыпты.
Ақша қамқорлық жасауға және орманды тазарту бойынша жұмыстың жаңа көлемін алуға берілген. Басшының орынбасары ақшаны жеке басына пайдаланған, - деп жазылған хабарламада.
Сот бас директордың орынбасарын 2 жылға орман шаруашылығы саласында басшылық қызметті атқару құқығынан айырып, 1 жылға бас бостандығын шектеді.