Закиржан Кузиев те қызметінен кетті
Мемлекет басшысының өкімдерімен Майя Толегеновна Бекбаева мен Закиржан Пирмухамедович Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
Бұған қоса Наталья Григорьевна Дементьева және Тауфик Акрамович Каримов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.
МАЙЯ БЕКБАЕВА
1979 жылы 12 ақпанда Семейде туған. Орта мектепті үздік бітірген. Кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне халықаралық журналистика факультетіне түсіп, оны қызыл дипломмен аяқтаған.
12 жасында «Пульс времени» газетінде тілші болып жұмыс бастаған. Теледидарға 2000 жылы келген. Алматыдағы «Шахар» телеарнасында алдымен журналист атанып, кейін жаңалықтар қызметінің жетекшісі болған. 2005 жылы алматылық «Таң» телеарнасының журналисі, кейін шеф-редакторы қызметін атқарған. 2009 жылы «Қазақстан» РТРК жұмысқа кіріскен. 2012 жылы «Жетінші арна» ұжымының қатарын толықтырған. 2016 жылдан бастап «Хабар» агенттігі телеарналарында бірқатар бағдарлама жүргізген. 2019 жылы Kazakh TV арнасының директоры болып тағайындалған. 2020 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары лауазымына келген. Тұрмыста, екі баласы бар.