×

Майя Бекбаева қызметінен босатылды

Закиржан Кузиев те қызметінен кетті

 Халық үні 28.04.2022 | 08:05
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының өкімдерімен Майя Толегеновна Бекбаева мен Закиржан Пирмухамедович Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Бұған қоса Наталья Григорьевна Дементьева және Тауфик Акрамович Каримов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.

МАЙЯ БЕКБАЕВА

1979 жылы 12 ақпанда Семейде туған. Орта мектепті үздік бітірген. Кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне халықаралық журналистика факультетіне түсіп, оны қызыл дипломмен аяқтаған.

12 жасында «Пульс времени» газетінде тілші болып жұмыс бастаған. Теледидарға 2000 жылы келген. Алматыдағы «Шахар» телеарнасында алдымен журналист атанып, кейін жаңалықтар қызметінің жетекшісі болған. 2005 жылы алматылық «Таң» телеарнасының журналисі, кейін шеф-редакторы қызметін атқарған. 2009 жылы «Қазақстан» РТРК жұмысқа кіріскен. 2012 жылы «Жетінші арна» ұжымының қатарын толықтырған. 2016 жылдан бастап «Хабар» агенттігі телеарналарында бірқатар бағдарлама жүргізген. 2019 жылы Kazakh TV арнасының директоры болып тағайындалған. 2020 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары лауазымына келген. Тұрмыста, екі баласы бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23