Halyq Uni логотип
×

Ақтауда 2-3 балдық жер сілкінісі болды

Зілзала 4 шілде күні сағат 02.02-де тіркелді.

 Халық үні 04.07.2023 | 08:37
Ақтауда 2-3 балдық жер сілкінісі болды
ашық дереккөзден

Ақтау қаласында 2-3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» сейсмикалық станциялар желісі

Зілзала 4 шілде күні сағат 02.02-де тіркелді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2232 шақырым жерде, Каспий теңізінің аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 14.2. MPV магнитудасы – 5.8. Тереңдігі – 70 км. Эпиошақ координаттары – 42.29° с.е. 49.89° ш.б.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу: Ақтау қаласында 2-3 балл.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама