Дәулет Тұрлыхановтың әскери бөлімнен қашып кеткен ұлы табылды
Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді
Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінен қашып кеткен депутат, спорт ардагері Дәулет Тұрлыхановтың ұлының қайда екені анықталып, қызмет атқаратын орнына жеткізілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
2023 жылғы 3 шілдеде ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери полицияның әскери қызметшілерімен ұйымдастырылған бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Б.-ның орналасқан жері анықталды. Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді. Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, кеше депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткені белгілі болған еді.