×

Петропавлдағы қайғылы жағдай: ерлі-зайыпты көз жұмды

Марқұмдар 64 және 54 жастағы ерлі-зайыптылар

 Халық үні 03.07.2023 | 23:05
Фото: baigenews.kz

Петропавлда жер үй өртеніп, егде жастағы ерлі-зайыптылар көз жұмды. Оқыс оқиға қала іргесіндегі Береке ықшамауданында болған, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Қызыл жалын таңғы сағат бесте басталған. Түтінді көрген тұрғындар дереу Төтенше жағдайлар департаментіне хабарласқан. Құтқарушылар жеткенше жалынды өз күшімен өшіруге талпынған. Алайда тілсіз жау күш бермеген. Көршілер үйдің кіреберісіндегі дәлізден әйелдің денесін алып шықты. Ал өрт сөндірушілер үйдің ішінен тағы бір ер адамның мәйітін тапты. Марқұмдар 64 және 54 жастағы ерлі-зайыптылар. Қазір мамандар өрттің неден тұтанғанын анықтап жатыр.

«Өрт орнына жеткеннен кейін жеке құраммен өрт сөндіруге кірістік. Үйден ер адамның денесі табылды. Бұл өртке келердің  алдында тұрғындар өз күшімен үйдің кіреберісіндегі дәлізден әйелдің денесін тапқан болатын», – дейді Петропавл өрт сөндіру және апаттан құтқару бөлімінің бастығы Әділ Спаен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама