Оралда төрт жасөспірім жалдамалы пәтерде 13 жасар қызды зорлаған
Жасөспірімдер бұрын қылмыс жасағаны үшін есепте тұрған
Орал қаласында төрт жасөспірім 13 жасар қызды зорлаған, деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 12 маусымға қараған түні болған.
«Шамамен сағат 01.00-де 2006 және 2007 жылы туған төрт жасөспірім Орал қаласында жалға алған пәтерде 13 жасар қызды зорлаған. Жасөспірімдер бұрын қылмыс жасағаны үшін есепте тұрған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігіне (зорлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», – делінген хабарламада.