«ҚазАвтоЖол» компаниясы павлодарлық филиалының басшылығы мен қызметкерлері ұсталды - ҰҚК

Халық үні

Іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынды.

Фото: ҚР ҰҚК

29 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Транспорттық прокуратурамен бірге «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» акционерлік қоғамы павлодарлық филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кесті. 

Іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынды.

Бұл факті бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.